Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Алматы облысында өткен жылы қоғамда үлкен резонанс тудырған зорлық-зомбылық, кісі өлтіру және баланы ұрлау дерегі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот іс материалдарында А. деп көрсетілген басты айыпталушыны барлық эпизод бойынша кінәлі деп таныды. Іс бірнеше ауыр қылмысты қамтиды: жеке өмірге заңсыз араласу, жеке мәліметтерді тарату, жыныстық зорлық-зомбылық, қорқыту және тұрғын үйге заңсыз кіру.

Сот мәліметінше, айыпталушы жәбірленушінің туыстарына кісі өлтіремін деп қоқан-лоқы жасаған. Істегі ең ауыр эпизод – әйелдің ағасын өлтіру дерегі.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті қылмысқа екі кәмелетке толмаған жасөспірімді де тартқан. Іс материалдарына сәйкес, олар кісі өлтіруге қатысып, кейін жәбірленушінің екі жастағы баласын ұрлаған.

Сот барлық айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді деген қорытындыға келді. Нәтижесінде басты айыпталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған өмір бойы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салынды.

Екі жасөспірімге кәмелетке толмағандарға қатысты жаза тағайындау ерекшеліктері ескеріліп, әрқайсысына 9 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ сот моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап-арыздарды қанағаттандырды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұл оқиға 2025 жылдың күзінде қоғамды дүр сілкіндірген еді. Қанды оқиға 6 қыркүйекте болған. Бұған дейін әйел оны зорлады деп полицияға шағымданған ер адам оның ағасын атып өлтіріп, кейін екі жастағы қызын ұрлап кеткен.

Полиция деректеріне сәйкес, күдікті мен жәбірленуші бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Араларындағы жанжал кезінде күдікті аңшы мылтығымен оқ атып, ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Кейін арнайы жасақ күдіктіні ұстау және баланы құтқару үшін операция жүргізді. Қашу барысында күдікті отырған көлік жолдан шығып, жардан құлаған. Көлікте бала да болған. Қыз ауруханаға жеткізіліп, оған операция жасалған.

Бұл іс бойынша сот отырысы жабық режимде өтті. Басты айыпталушыға 12 эпизод бойынша айып тағылып, іс бойынша тағы екі жасөспірім сот алдында жауап берді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Декада Наурызнама в Алматинской области: какие мероприятия пройдут в ближайшие дни

Николай Иващенко
19.03.2026

В Алматинской области врачи спасли жизнь 64-летнему пациенту с тяжелой сосудистой патологией

Николай Иващенко
19.03.2026

Убийство человека, похищение ребенка и изнасилование: в Алматинской области суд огласил приговор

Николай Иващенко
19.03.2026

12 иностранцев-нарушителей выявлены на строительном объекте в Алматинской области

Николай Иващенко
19.03.2026

В Илийском районе ведутся масштабные работы по озеленению

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz