Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысындағы Қараой ауылының тұрғындары қалаға жете алмай жүр

Іле ауданы Қараой ауылының тұрғындары үшін қалаға қатынау қиындаған. Себебі күнделікті жүріп тұрған қоғамдық көлік 2 аптадан бері тоқтап қалған. Ауыл әкімдігі мен жеке кәсіпкер арасындағы келісімшарт дұрыс орындалмаған, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

25.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Қараойлықтардың қоғамдық көлік мәселесін көтеріп жүргеніне 4 жыл болды. Осы уақыт аралығында ауыл жұрты тұрақты қатынайтын автобусқа жарымаған. Бірде сынып тұрса, енді бірде жанармай жоқ болады. Мұндағы 80 пайыз халық Алматы қаласына барып жұмыс істейді екен. Соңғы 2 аптадан бері автобус мүлде тоқтап қалған. Халық тапқан таянғанымыз таскиге кетіп жатыр, деп ашынып отыр.

«Байсеркеден 250 теңге,  ал Саяхатқа дейін 500 теңге алады. Саяхаттан ары қарай да қатынап істейтіндер бар», – деді Қараой ауылдық округінің тұрғыны Бақытжан Досжанова.

Күнделікті жүріп тұрған автобустардың өзі ауыл округі әкімдігіне қарамайды, жекеменшік көліктер екен. Кәсіпкер бұл жобаны мемлекеттік сатып алулармен тендер арқылы ұтып алған көрінеді. Сондықтан болар, жол ақысының бекітілген нақты бағасы жоқ.

«Менің қызым 7 оқиды. Байсеркеге дейін 100 теңге қызымнан толық алыпты. «Ағай, мен оқушымын ғой, 7 сынып оқимын» десе, қазір демалыс екенін айтыпты», – деді Қараой ауылдық округінің тұрғыны Назира Жексенбаева.

Ауыл мен қала арасына бар болғаны 10 автобус қатынайды екен. Олардың жүру интервалы 30 минут. Ауыл әкімдігі бастапқыда қоғамдық көліктің тоқтап қалу себебін дизель отынының тапшылығымен түсіндірді. Десе де, қазір жанар-жағармай мәселесі тұрақталды. Соған қарамастан, жекеменшік компания иесі қоғамдық көліктерін әлі күнге дейін шығармай отыр.

«Қазір солярка мәселесі бойынша проблема жоқ. Біз тиісті компанияға көлікті шығарыңдар деп өз тарапымнан талап қойып жатырмыз», – деді Қараой ауылдық округінің әкімі Айдос Тәженов.

Тұрғындар бәрінен бұрын балалары үшін алаңдайды. Себебі оқу жылының басталуына небәрі 1 апта қалды. Оқушылар мектепке де осы автобуспен барады екен.

Қараой ауылдық округі мен қала арасында қатынайтын автобустар қаңтарылып бос тұр. Себебін білуге тырысқан журналистер басшысын таппады. Халықтың ендігі бар үміті ауыл әкімдігінің қандай шешім қабылдайтынына байланысты болып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz