Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында жыл басынан бері 1113 жол көлік оқиғасы тіркелді

Алматы облысында жыл басынан бері 1113 жол көлік оқиғасы болып, 210 адам қаза тапқан. Оның ішінде 13 мал қағу дерегі тіркеліп, 20 адам жарақат алған, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

07.09.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

«Республикалық маңызы бар тасжолда және қалаға қатынайтын ірі жол жиегінде қараусыз жайылып жүрген ірі-қараның да саны артты», — дейді полиция қызметкерлері.

1113 жол көлік оқиғасының 13-і мал қағу фактісі. Ал жүргізушілер жол апатына себеп болған мал иелерін жауапқа тарту керек деп отыр.

«Қараусыз жүрген төрт түлік жолға шығып кетуі мүмкін. Осындай жағдай орын алмас үшін мал бағатын адамдарды қатаң бақылауға алып, айыппұл салу керек», – деді көлік жүргізушісі Әлібек Қалимолдин.

«Бұл жерде де сиырлар мен жылқылар көп жүреді. Сондықтан мал бағатындар, малын қараусыз қалдырмау керек», – деді көлік жүргізушісі Дәуренбек Қаналиев.

Алайда мал иелері бұл аймақта жайылым жерлердің жоқтығын атап өтті. Сондықтан амалсыз жол жиегімен айдап өтетіндерін алға тартады. Бірақ қараусыз қалған төрт түліктің тасжолға шығып кеткенін жоққа шығармайды.

«Алматы-Бесмойнақ тасжолында жүрген малдардың иесін анықтап, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып бәріне ауызша ескертіп кеттік», – деді Қарасай ауданы ІІБ учаскелік полиция инспекторы Ернар Оңғарбаев.

Рейд жұмыстары барасында әкімшілік құқық бұзған он шақты азаматқа айыппұл салынып, жол жиегімен мал айдап өткендерге ескерту жасалды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері арнайы мал айдап өтетін белгілер бар жерлермен, арнайы өткелдермен жолды көлденең кесіп өтуге рұқсат барын айтады.

Тегтер: Жол апатыоқиға

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области Changan угнали под носом у продавцов салона

Николай Иващенко
14.03.2026

В Алматинской области открыли две врачебные амбулатории и вручили ключи от 132 новых квартир

Николай Иващенко
14.03.2026

Наурызнама-2026: какие мероприятия пройдут в Алматинской области в декаду праздника

Николай Иващенко
14.03.2026

Спасатели ДЧС Алматинской области потушили ночной пожар

Николай Иващенко
14.03.2026

В Алматинской области открыт 161-й добровольный пункт пожаротушения «Ауыл құтқарушылары»

Николай Иващенко
13.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz