25 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына Көлді ауылының маңындағы автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Қазіргі уақытта жеке басын анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданып жатыр», – деді облыстық полиция департаментінде.
Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданының Шелек полиция бөлімінде тіркелді. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.