Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жетім қызға қатысты зорлық ісі: екі күдікті ұсталды

Алматы облысында 15 жастағы жетім қызға қатысты зорлық жасау дерегі бойынша екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оқиға Алматы облысының Райымбек ауданындағы ауылдардың бірінде болған. 15 жастағы мектеп оқушысының айтуынша, екі ай бойы сегіз ер адам қорқытып, бопсалап, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген.

Жәбірленуші тараптың сөзінше, қыз күдіктілердің бірімен әлеуметтік желіде танысқан. Кездесуден бас тартқаннан кейін 20 жастағы жігіт оны бопсалай бастаған.

Салдарынан оқушы түнде үйінен шығуға мәжбүр болған. Күдікті оны көлігімен адам аяғы баспайтын жерге апарып, күш қолданған. Осыдан кейін, жәбірленушінің айтуынша, ер адам жеке мәліметтерін таныстарына беріп, олар да қорқытып, жыныстық әрекеттерге мәжбүрлеген.

Осылайша күдіктілер саны сегіз адамға дейін жеткен. Олардың бесеуі – сол ауылдың тұрғыны. Ең үлкені 26 жаста болса, ең кішісі – 17 жаста. Жәбірленуші – ата-анасынан айырылған, қазіргі таңда туыстарының қолында өсіп жатыр.

Кейбір БАҚ-та тараған мәліметке сәйкес, биыл қаңтар-ақпан айларында қыз балаға екі ересек адам және алты жасөспірім тарапынан зорлық жасалған.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 наурызда 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталды. Олардың екеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің кешені орындалды. Барлық тараптың уәждері мұқият тексерілуде. Жәбірленушіге қысым көрсетілмейді. Тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қылмыстық іс облыс орталығының тергеу бөлімшелеріне беріліп, арнайы тергеу-жедел тобы құрылды», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда.

Тергеу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев: «В преамбуле Основного закона впервые сформулирован четкий ориентир на ценности культуры, образования, науки и инноваций»

Николай Иващенко
10.04.2026

Выборы в Курултай пройдут в августе

Николай Иващенко
10.04.2026

КТЖ высадит более 100 тысяч деревьев в Алматинской области

Николай Иващенко
10.04.2026

Толпа избила одного человека в Алматинской области

Николай Иващенко
10.04.2026

В Алматинской области спасатели МЧС спасли беременную женщину и мужчину

Николай Иващенко
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz