Кездесуде өңір басшысына жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтау үшін фото-бейнетіркеу жүйесін енгізу және пайдалануға қатысты жоба ұсынды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, катарлықтар «жасыл» автономды мектептер салып жатыр. Бұл компаниямен жаңартылатын энергиямен қамтамасыз ету бойынша бірге жұмыс істеу жоспарланған. Оларды Алматы облысында осындай екі мектеп салуға да көндірген. Бірақ ол үшін жер керек. Болгария, Түркия сияқты елдермен де атқаратын жобалар бар, сондықтан оларды өңірге тарту бойынша мәселелерді қозғады.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, егер атаған инвесторлар өңірге келсе, олармен кездесіп, бірлескен жобаларды талқылауға дайын.
Айта кету керек, компания жел генераторларын, микрогидроэлектрстанцияларын және күн электр станцияларын өндіруді және жеткізуді табысты жүзеге асырады.






