Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында «TENGRI ULTRA» марафоны өтеді

3-5 мамыр аралығында Алматы облысының аумағында орналасқан Тамғалы тас шатқалында дәстүрлі «TENGRI ULTRA» ұлы дала марафоны ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.04.2024
Жаңалықтар

Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы мен «Экстремалды Атлетика» ҚБ басқарушы директоры Вадим Винокуров шараға қатысушылардың саны биыл айтарлықтай өскенін айтады.

Жобаның басты мақсаты — бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Одан бөлек, ішкі және сыртқы туризмді дамыту.

Іле жағалауындағы үш күндік ашық аспан астындағы фестивальге шамамен 3 мыңнан астам атлет қатысады. Қазірге дейін қатысуға 1500 атлет өтінім тастаған. Олар 1, 3, 7, 25, 50 және 100 км шақырымдық қашықтыққа жүгірумен қатар, скандинавиялық жүріс және веложарыс пен каникросс бойынша да сайысқа түседі.

«Фестиваль биыл 10-шы мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл – біз үшін мерейтой. Жыл сайын біздің фестиваль ерекшелене түсуде. Осыған орай, азаматтардың қызығушылығы артуда», — деді Вадим Винокуров.

Ол базалық лагерь Тамғалы-Тас көркем жартасты шатқалында орналасқанын айтты. Спорт сүйер қауым, марафонға қатыса отырып, көркем табиғатқа тамсана алады.

«Марафон еліміздің спорт тарихындағы ерекше орны бар шара. Халықаралық дәрежедегі сертификаты бар осы жоба көркі көз тартатын, келбеті келісті өңірімізде 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы 10 жыл көлемінде марафонға кемінде 50 елдің мыңнан астам азаматы қатысты. Бұл дегеніміз ішкі туризм дамуына үлкен септігін тигізеді», — деді Қуанышбек Мирамбекұлы.

Жарысқа тіркелу 26 сәуір күні, сағат 12:00-ге дейін немесе қатысушылар санының шегіне жеткенге дейін ашық. Шара бойынша толықтай ақпартты athletex.kz сайтынан оқи аласыздар.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Медициналық сақтандыру қорының комиссиясы өсті

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік жас футболшылары тізіміне кірді

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Hydroelectric power station generates electricity in mountain landscape generated by artificial intelligence

Қазақстанда үш шағын гидроэлектр станциясы салынады

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Синоптиктер болжамы: елімізде +30 градусқа дейін жылынады

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан боксшылары анықталды

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz