ҚР ТЖМ мәліметінше, олар «Поляна Терра» аумағында теңіз деңгейінен 2650 метр биіктікте жолдан жаңылған.
Оқиға туралы дабыл түскеннен кейін іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметі мен Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары жедел түрде жұмылдырылды.
Құтқарушылар зардап шеккендермен байланыс орнатып, олардың шамамен орналасқан жерін Берёзовая роща маңынан анықтаған.
«Жедел іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде туристер қысқа мерзімде табылды. Құтқарушылар оларды қауіпсіз аймаққа шығарып, қалаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады», – делінген ведомство ақпаратында.





