Ауқымды шара облыстық Білім басқармасының қолдауымен «Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі» базасында ұйымдастырылды.
Фестивальге Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда, Абай, Жетісу облыстары және басқа да өңірлерден 100-ден астам өтініш түскен. Қатысушылар аспаздық шеберлік, тігін және дизайн бағыттары бойынша түрлі номинацияда бақ сынауда. Байқаудың басты талаптарының бірі – заманауи стильді ұлттық ерекшелікпен үйлестіру.
Қатысушылардың жұмыстарын Франция, Түркия, Египет, Италия, Ресей және ТМД елдерінен келген халықаралық сарапшылар бағалайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль студенттердің кәсіби құзыретін дамытуға және білім беру үдерісіне заманауи тәжірибелерді енгізуге оң әсер етеді.
Айта кетейік, байқау жеңімпаздары 10 сәуір күні анықталады.





