Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметке алғаш кірісетін мамандарды кәсіптік даярлықтан өткізуге іріктеу жариялайды. Мамандардың қызметтік міндеттеріне сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу. Кәсіби даярлықтан өткізуге іріктеу жедел басқарманың офицері немесе тергеу басқарманың тергеуші лауазымы (B-PRO-8 санаты) бойынша жүргізіледі. Ең төменгі жалақы – 184 048 теңге», — делінген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау агенттіктің аумақтық бөлімшелерінде 2021 жылғы 5 қыркүйектен бастап 5 қазанға дейін жалғасады. Құжаттар қабылданған соң агенттікте жұмыс істігісі келетін үміткерлермен әңгімелесу кезеңі өтеді. Және іріктеуден өткен мамандар құқық қорғау органы академиясында 6 ай бойы білімін жетілдіреді.
Содан соң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қызметке қабылданады. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар, Қазақстан Республикасының азаматы болуы, жасы 18-ге толған, бірақ 35 жастан аспауы қажет. Сонымен қатар жоғары заңгерлік білімінің болуы міндетті.
Департаменттің мекенжайы: Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Титов көшесі 33А.
Тел:8 (72752) 2 12 59