Аталған жиынға облыс әкімі М. Сұлтанғазиевтен бастап, Балқаш – Алакөл бассейндік инспекциясының, Д. Қонаев атындағы «Үлкен Алматы каналы» филиалының, жалпы облыстағы су ресурстарына байланысты жұмыс атқаратын мекеме өкілдерінің төрт көзі түгел қатысты.
«Суару желілері мен гидротехникалық құрылыстардың тозуынан каналдардағы су шығыны ұлғаяды. Осыған орай, 57,1 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру үшін 8 аудан мен Қонаев қаласында суару желілерін реконструкциялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Құрылыс монтаж жұмыстарының жалпы құны – 88,2 млрд. теңгені құрайды», — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қоюмчан Омаров баяндамасында.
Айта кетейік, облыста барлығы 239,7 мың гектар суармалы жер бар. Ал барлық суару желілерінің ұзындығы 10 мың км-ге жетіп жығылады.





