Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметтің цифрлық кеңсесінде өткен кеңесте су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жедел шаралар қабылдау мәселесі қаралды.

28.01.2023
Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Қазгидрометтің» болжамы бойынша республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 31 қаңтар мен 4 ақпан аралығында қар араласқан қатты жауын-шашын болып, температура көтерілетінін хабарлады.

Оның айтуынша, қалың қардың еруінен су жиналып, бұл өз кезегінде мұздың күрт еруі мен өзендерде су деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін. Осыған байланысты Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарына 30 қаңтардан бастап азаматтық қорғау бөлімшелерінің жұмысын күшейту тапсырылды.

Премьер-Министр өңірлердің әкімдіктері ТЖМ-мен бірлесіп, қажетті шұғыл шаралардың барлығын қабылдауы қажет екенін атап өтті.

«Қазір бізге су тасқынына дайындық шараларын күшейту керек. Ауа райының күрт жылынуынан тасқын қаупі туындап отырғанын көріп отырмыз. Бұл бағытта тиісті іс-шараларды жедел үйлестіру үшін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған арнайы Үкіметтік комиссия жұмысын бастайды», — деді Әлихан Смайылов.

Тегтер: Алматы облысыӘлихан Смайыловсу тасқыны

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz