Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында референдумға дауыс беру қалай өтіп жатыр?

2026 жылғы 15 наурызда таңғы сағат 07:00-де Алматы облысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша республикалық референдумға арналған дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өңірде 500-ден астам сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Таңғы уақыттан бастап тұрғындар белсенді түрде дауыс беруге келіп, өз таңдауын жасауда.

Дауыс беруге ауыл тұрғындары ғана емес, облыстың ірі қалаларындағы азаматтар да ерте келіп жатыр. Сайлау учаскелеріндегі комиссия мүшелері мен бақылаушылар халықтың белсенділігі жоғары екенін атап өтті.

Кейбір учаскелерде дауыс беру рәсімі дәстүрге сай батамен басталды. Ақсақалдар ел үшін маңызды саяси науқанның басталуына ақ батасын беріп, тұрғындарға бірлік пен береке тіледі.

«Бүгін біз үшін маңызды күн. Біз жаңа Конституцияға дауыс беріп жатырмыз. Ол елдің дамуына серпін беріп, келер ұрпаққа жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз. Еліміз дамып келеді, сондықтан өзгерістерге ілесіп, заман талабына сай алға жылжуымыз керек», – дейді дауыс беруге келген тұрғындардың бірі.

Сондай-ақ тұрғындар сайлау учаскелеріндегі дайындық деңгейіне оң баға беруде. Олардың айтуынша, дауыс беру орындары барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, ғимараттар жарық, жылы әрі таза.

Көптеген азаматтар үшін мұндай қоғамдық-саяси шаралар – бір-бірімен жүздесіп, пікір алмасуға және ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік.

Айта кетейік, референдум учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Жалпы республика бойынша 10 402 учаске ашылған.

 

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

В Илийском районе в день референдума прошла «Бауырсақ party»

Николай Иващенко
15.03.2026

Автопробег на ретро-автомобилях организовали в Қонаеве в день референдума

Николай Иващенко
15.03.2026

Необычный посетитель на референдуме в Алматинской области

Николай Иващенко
15.03.2026

18-летняя жительница Конаева впервые проголосовала на референдуме

Николай Иващенко
15.03.2026

В селе Байсерке референдум проходит в формате этно-брейк

Николай Иващенко
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz