Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық шеңберінде Алматы облысында тұрғындар арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам, Саясат

Өңір тұрғындарына дауыс беру тәртібі, учаскеге тіркелу және дауыс беруге арналған есептен шығару куәлігін алу жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілуде.

Алматы облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова азаматтардың тіркелген жерінен тыс жерде дауыс беру тәртібін түсіндірді.

«Егер азамат 15 наурыз күні өзінің тіркелген жерінен тыс жерде болса, онда 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке куәлігін көрсетуі қажет. Өтініш негізінде есептен шығару куәлігі беріледі. Бұл құжат референдум күні нақты болатын жері бойынша учаскеде дауыс беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы өкіл де ала алады, бұл ретте сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Құжат жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және телнұсқа берілмейді. Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беру үшін есептен шығару құжаттары берілмейді», — деді Мейрамгүл Айтова.

Референдум учаскесін қалай білуге болады?

Алматы облысының тұрғындары өздерінің дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде бірнеше тәсіл арқылы ала алады:

  • ресми веб-сервис арқылы ЖСН енгізу жолымен;
  • бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы (109);
  • облыстың учаскелері көрсетілген ақпараттық-анықтамалық карта арқылы;
  • Telegram-бот арқылы.

Call-орталықтардың байланыс нөмірлері (жұмыс уақытында):

Алматы облысы – 109

Қонаев қаласы – 8 (72772) 22111

Алатау қаласы – 8 (727) 304 26 29

Балқаш ауданы – 8 (72773) 95 496

Еңбекшіқазақ ауданы – 8 (72775) 72 371

Жамбыл ауданы – 8 (72770) 22 340

Іле ауданы – 8 (72752) 20 892

Қарасай ауданы – 8 (72771) 29 981

Кеген ауданы – 8 (72777) 21 170

Райымбек ауданы – 8 (72779) 21 994

Талғар ауданы – 8 (72774) 21 284

Ұйғыр ауданы – 8 (72778) 21 739

Облыс әкімдігі тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақырады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz