Республикалық референдум күні Іле ауданындағы №358 референдум учаскесінде ерекше әрі көңілді көрініс байқалды. Дауыс беруге келген тұрғындардың екеуі қоян мен кішкентай бөпе бейнесіндегі костюмдермен келіп, жиналғандардың назарын аударды.

Әсіресе балалар мен жастар бұл көріністі қызығушылықпен қабылдап, көңілді кейіпкерлермен суретке түсіп, жағымды әсер алғандарын айтты.
Тұрғындардың айтуынша, мұндай креативті бастамалар қоғамдық шараларда адамдардың бір-бірімен еркін араласуына ықпал етіп, ортақ көңіл күй қалыптастырады.





