Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында референдум учаскелері жабылар алдында белсенділік артты

Алматы облысында референдум учаскелерінің жабылуына санаулы сағаттар қалса да, тұрғындар дауыс беруге асығып келіп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өңірдегі дауыс беру учаскелерінде негізгі келушілер легі таңертең және түскі уақытта байқалған. Алайда аумақтық, аудандық және облыстық сайлау комиссияларының мүшелері кешкі уақытта да дауыс берушілер саны аз емес екенін айтады. Әсіресе таңертең жұмысқа немесе ауысымға кеткен азаматтар кешкі уақытта учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда.

«Мен жұмыстан жаңа шықтым. Үйге бара жатқан жолымда дауыс беру учаскесі бар, сондықтан міндетті түрде кіріп, дауыс беруді ойладым. Міне, өз таңдауымды жасадым. Әр адам азаматтық ұстанымын көрсетуі керек. Бұл – біздің ел, біздің Отан, біздің болашағымыз. Егер біз өзіміз қатыспасақ, онда оны біздің орнымызға кім жасайды?» – деді тұрғындардың бірі.

Учаскелер жабылғанға дейінгі уақыт ішінде дауыс беру барысын бақылаушылар да назарда ұстап отыр. Олар дауыс беру үдерісінің ашық әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатқанын атап өтуде. Сонымен қатар дауыс беріп шыққан азаматтармен әңгімелесіп, учаскелердегі жағдай туралы пікірлерін білуде.

Бақылаушылардың айтуынша, сайлау учаскелерінде барлық үстелдер белгіленіп, нөмірленген. Бұл сайлаушылардың өз есімдерін тізімнен оңай тауып, дауыс беру рәсімінен тез әрі ыңғайлы өтуіне мүмкіндік береді.

Алматы облысындағы дауыс беру учаскелері кешкі сағат 20:00-де жабылады. Осыдан кейін дауыс санау рәсімі басталады. Жалпы ел бойынша 10 402 референдум учаскесі жұмыс істейді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Женщина принявшая более 1000 новорожденных в роддомах проголосовала в Алматинской области

Николай Иващенко
15.03.2026

Выбор двух сердец: парень сделал предложение своей девушке в день референдума в Алматинской области

Николай Иващенко
15.03.2026

Более 8,8 млн казахстанцев проголосовали на референдуме — ЦИК

Николай Иващенко
15.03.2026

Супергерои пришли на избирательный участок в Илийском районе

Николай Иващенко
15.03.2026

Более 700 тысяч жителей Алматинской области проголосовали на референдуме

Николай Иващенко
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz