«Жыл басынан бері қызметтік иттер 570 рет оқиға орнына шыққан, 78 қылмысты ашуға қатысқан. Қызметтік-іздестіру иттері арқылы ашылған қылмыстардың көпшілігі ұрлық. Жедел-іздестіру іс–шаралары барысында есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты – 17 факт анықталған, оның 10-ы есірткі қылмысы», – деді Алматы облысы ПД КҚО бастығы Ерлан Мусапиров.
Кәсіби деңгейін арттыру мақсатында кинолог-инспекторлар тұрақты негізде арнайы оқыту және қайта даярлау курстарынан өтеді. Қызметтік иттерді қолдану полицияның күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.