Алматы облысының Шелек дәлізінде қуаттылығы жылына 50 МВт болатын жаңа жел электр станциясы іске қосылды. Ол электр қуатының тапшылығын азайтуға көмектеседі деп болжайды.
Даниялық VESTAS компаниясы шығарған озық технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып, 25 мұнара орнатылды.
Жобаның жалпы құны — 12,67 млрд теңге. Энергетика министрлігінің энергия өндіруші ұйымдарының тізіміне енгізілген.
Айта кету керек, бұл жобаны жүзеге асыру айтарлықтай қосымша энергия өндіруші қуаттарды іске қосу арқылы Алматы облысында электр энергиясының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.