Ведомство мәліметінше, алқабилердің үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу арқылы 9 жылға бас бостандығынан айырылған.
Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 1, 2, 3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылған.
Іс материалдарына сәйкес, сотталғандар алдын ала сөз байласу арқылы топ болып әрекет етіп, өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдаумен айналысқан. Қылмыстық іс аясында заңсыз айналымнан 20 келіден астам «хлорметкатинон» психотроптық заты тәркіленген.
Прокуратура мәліметінше, бұған дейін 2025 жылғы 15 қаңтардағы сот үкімімен аталған тұлғалар қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталған. Алайда прокурордың апелляциялық өтініші негізінде бұл үкімнің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілген.
Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.





