Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтар профилактикасы туралы» Заңы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі нұсқауына сәйкес Алматы облысы Полиция департаменті қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде «Профилактикалық кабинеттер» ашылды.
Бұл кабинеттер ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай алаңы ретінде жұмыс істейді. Мұнда денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік сала өкілдерімен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, маскүнемдік пен нашақорлықтың, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Жаңа форматтағы жұмыс құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетуге және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.




