«Өңірдегі жағдай тұрақты. Есепті кезеңде төтенше жағдайлар саны 11,2% азайды, 546 жағдай тіркелді, қаза болғандар саны 45,9% азайды. Жалпы мамандар 4752 шақыртуға барды, 114 адам құтқарылды және 206 адам эвакуацияланды», — деп атап өтті биылғы жылды қорытындылай келе Ибрагим Күлшімбаев.
Өңірде 1 қазаннан бастап жылыту кезеңі басталды, оған дайындық тамыз айында пысықталды.
Барлығы 269190 тұрғын үй есепке алынды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары — 6032. Қазақстан Республикасының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде жылу беру кезеңі басталар алдында халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық азаматтарының тұрғын үйлеріне комиссия барды. Алматы облысында олардың саны 6032.
Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облыс халқының әлеуметтік осал топтарының 1492 үйінде 926 көміртегі тотығын анықтау датчигі және 566 түтін детекторы орнатылды, сондай-ақ 146 үйде пеш жөнделді және 84 үйге электрмен жабдықтауды жөндеуге көмек көрсетілді.
Кездесу барысында вице-министр азаматтардың барлық сұрақтарына жауап беріп, азаматтарға жеке онлайн-қабылдау өткізді.