Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында Наурыз жаңа форматта өтеді

Алматы облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Биыл мереке 14–23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылады.

Мөлдір Иманмади
17.03.2026
Жаңалықтар

Аймақта мерекені өткізу барысында дәстүрлі мазмұн сақталып, заманауи технологиялармен ұштастыруға басымдық беріледі. Атап айтқанда, биылғы Наурыз «Digital Nauryz» жобасы аясында жасанды интеллект және цифрлық шешімдерді қолдану арқылы жаңа форматта өтпек.

Мерекелік іс-шаралар 14 наурыз – Көрісу күнінен басталды. Бұл күні барлық аудан мен қала орталықтарында ұлттық дәстүрге негізделген мазмұнды бағдарламалар ұйымдастырылады. Жалпы онкүндік аясында облыста 300-ден астам мәдени-көпшілік іс-шара өткізу жоспарланған.

Наурызды кеңінен насихаттау мақсатында мерекелік бағдарламалар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, әлеуметтік желілерде танымал блогерлердің қатысуымен онлайн көрсетіледі. Сонымен қатар мерекелік логотипі бар плакаттар қоғамдық орындарда, автокөліктерде және халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналастырылады.

Мереке күндері ірі сауда орталықтарында «Наурыз Sale» жеңілдіктер науқаны ұйымдастырылып, халық көп жиналатын орындарда арнайы «Наурыз қалашықтары» құрылады. Онда киіз үйлер тігіліп, фотозоналар жасақталады.

Әлеуметтік бағыттағы бастамалар да қамтылған. Атап айтқанда, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларына арналған «Наурыз: балаларға базарлық», ал қарттар үйлерінде «Наурыз – қамқорлық мерекесі» акциялары өтеді. Сонымен бірге «Наурыз – тату көршілік пен жергілікті қоғамдастық мерекесі» жобасы аясында тұрғын үйлердің аулаларында ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптейтін мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Экологиялық бағыттағы «Наурыз – табиғатқа қамқорлық мерекесі» акциясы шеңберінде елді мекендерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, бұлақ көздері ашылып, ағаш көшеттері отырғызылады.

Мерекелік бағдарламада ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Көкпар, бәйге, теңге ілу, қыз қуу, қазақ күресі, арқан тарту, кір тас көтеру, құмай тазы жарыстары бойынша жарыстар ұйымдастырылады.

Негізгі мерекелік шара 21 наурыз күні облыс орталығы – Қонаев қаласында өтеді. Бұл күні орталық алаңда үлкен сахна орнатылып, театрландырылған қойылымдар мен белгілі эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және шетелдік қонақтар шақырылады. Кешкі концертке 15 мыңнан астам көрермен қатысады деп күтілуде.

Орталық саябақта қолөнер көрмелері, фотозоналар және ұлттық спорт жарыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар мерекелік алаң бірнеше тақырыптық аймаққа бөлінеді. Олардың қатарында «Face of Nauryz» шатыры мен «Жеті қазына» цифрлық аймағы бар.

«Жеті қазына» цифрлық аймағында интерактивті кітап форматындағы арнайы инсталляция орнатылады. Қозғалыс сенсорлары арқылы келушілер кітап беттерін «парақтап», ұлттық құндылықтардың мазмұнымен анимация және визуалды элементтер арқылы таныса алады.

Ал «Face of Nauryz» шатырында жасанды интеллект көмегімен келушілердің бейнесі мерекелік стильде өңделіп, дайын фотосуреттерді цифрлық форматта жүктеу мүмкіндігі ұсынылады.

Сондай-ақ мерекелік алаңда гуманоид және төрт аяқты роботтардың қатысуымен интерактивті аймақ ұйымдастырылады. Роботтар қонақтармен байланыс орнатып, арнайы қойылымдар көрсетеді. Бұдан бөлек, робот-аспаздар бауырсақ пісіріп, кофе дайындайтын ерекше алаң жұмыс істейді.

22 наурыз күні мерекелік іс-шаралар облыстың барлық аудан, қалаларында жалғасады.

Жалпы, биылғы Наурыз ұлттық дәстүр мен цифрлық технологияны үйлестірген жаңа мазмұнда өтіп, көпшілікке, әсіресе жастарға ерекше әсер сыйлауды көздейді.

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына қол қойды

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Алматы облысында Наурыз жаңа форматта өтеді

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Фото: Дамир Нұрқасым

Қонаевта мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуға арналған тәжірибелік алаң өтті

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Тоқаев туризм мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2026

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz