2023 жылдың қараша айында Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясына Талғар қаласындағы жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша жұмыс істеп отырған №3 орта мектептің бас есепшісінің өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты орнына қабылданған бас есепшіден мемлекеттік қаржының дұрыс аударылмағаны туралы ақпарат түсті. Осыған байланысты білім бөлімінің бас есепшісі мектепке барып қаржылық құжаттарды тексеріп, тексеру барысында 102 млн қаржының жоқ адамдарға аударылғанын, қаржының мақсатсыз жұмсалғандығын анықтап, облыстық білім басқармасына хабарлап, мектеп директоры тарапынан ҚР Бас прокуратурасына хат жолданды.
Алматы облысының прокуратурасы есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін растады.
Қылмыс мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлер мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған. Алдын ала есептеу бойынша келтірілген шығын 90 млн теңгеден асады.
Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) тергеу бойынша Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолданды.