Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында ер адам жалдамалы үйде есірткі зертханасын ашқан

Қазақстанда жыл басынан 23 есірткі зертханасы анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz

12.09.2022
Жаңалықтар, Қоғам
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Жалпы биыл заңсыз айналымнан 110 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сай, бұл былтырмен салыстырғанда екі есе көп.

Шұғыла Тұрлыбек есірткі зертханасын ұйымдастырып, кейін елден қашпақ болған күдікті туралы айтып берді.

«Маусым айының соңында полиция қызметкерлері Алматы облысының Азат ауылында есірткі зертханасын жойды. Күдікті синтетикалық есірткі жасау үшін үйді жалға алған. Ол құқық қорғау органдарынан сақтану үшін ұялы телефон арқылы бақылау мүмкіндігі бар жасырын бейнекамералар орнатқан. Қылмыс болған жерге соңғы рет оралғанда, полициядан күдіктеніп, есірткі, химиялық заттар мен жабдықтарды тастап қашып кеткен. Барлығы 75 грамнан астам синтетикалық есірткі, сондай-ақ психобелсенді заттарды синтездеу үшін пайдаланылатын 4,5 келіден астам прекурсор тәркіленді. Жиналған дәлелдер, үй иесі мен көршілердің айғақтары күдіктінің жеке басын анықтауға мүмкіндік берді. Араласатын ортасы, оған қатысты басқа да мәліметтер тексеріліп, жиі болатын жерлері белгілі болды. Күдікті тағы да бір есірткі өндірісін ұйымдастыруы мүмкін болғандықтан, полиция қызметкерлері оны біраз уақыт бақылауда ұстады. Оның елден қашу жоспары белгілі болған соң, тәртіп сақшылары күдіктіні Еңбекшіқазақ ауданының Әймен ауылында ұстады. Тінту барысында одан 10 грамға жуық мефедрон тәркіленді», — деді Шұғыла Тұрлыбек.

Тегтер: Есірткіқылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz