Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында газ жарылысынан бір адам мерт болып, бес адам жарақат алды

Оқиға Іле ауданының Өтеген батыр кентінде болды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

31.08.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

31 тамыз сағат 10:21-де облыстық төтенше жағдайлар департаментінің пультіне хабар түсті. Онда Іле ауданының Өтеген батыр кентінде Жерұйық көшесінде «PolpanInsulation» ЖШС зауытының жылу оқшаулағыш плита өндіретін ғимаратта жарылыс болып, кейіннен 50 шаршы метр алаңда қабырға қаптамасы жанғаны және жалпы ауданы 400 шаршы метр шатыр мен қабырғаның опырылып құлағаны айтылған. Мамандар дереу жіберілді.

Оқиға орнына сағат 10:24-те келген кезде 50 шаршы метр алаңда екі қабатты ғимараттың қабырғасының қаптамасы жанып жатқаны, сондай-ақ жарылыс салдарынан ғимараттың шатыры мен қабырғасының опырылып құлағаны анықталды. Оның жалпы ауданы – 1250 шаршы метр.

«Өрт сағат 10:35-те ауыздықталып, сағат 10:50-де сөндірілді. Жалпы ауданы – 50 шаршы метр», – делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, төтенше жағдай салдарынан 5 адам орташа ауыр жарақат алып, бір адам көз жұмған.

«Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 15 қызметкері мен 4 техникасы, сондай-ақ полиция қызметкерлері, 3 жедел жәрдем бригадасы және басқа да өзара іс-қимыл қызметтері қатысты. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр», – деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Тегтер: газжарылысЖетісу облысыІле ауданы

Соңғы жаңалықтар

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

В рамках декады Наурызнама в полиции Алматинской области прошел день открытых дверей

Николай Иващенко
20.03.2026

230 банковских карт заблокировала полиция Алматинской области

Николай Иващенко
20.03.2026

Касым-Жомарт Токаев поздравил казахстанцев с праздником Ораза айт

Николай Иващенко
20.03.2026

«Все филиалы вузов в Казахстане призваны способствовать повышению конкурентоспособности в сфере высшего образования» — президент в Алматы

Николай Иващенко
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz