Ал ҚР Ішкі істер органдарының медиа орталығы таратқан мәліметке сәйкес, әскерилерге дабылды ескерту жасалған жоқ. Бұны «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының бірінші орынбасары Бекайдар Қазкеев растап отыр.
«Табиғи апаттарды болжау мүмкін емес. Дауыл туралы ескерту болған жоқ. Ол өз өміріне қауіп төнсе де, әріптестеріне көмектесті, соңғы болып шатырдан шықты. Қатты желдің салдарынан металл конструкциялар құлады. Ол басынан жарақат алды, ауруханаға жеткіздік. Бірақ, өкінішке қарай, сағат 21:30-да қалалық аурухананың дәрігерлері жауынгердің қаза болғанын хабарлады», – деп атап өтті Бекайдар Қазкеев.
Сол күні оқу-жаттығуда 250 сарбаз болған. Бірақ дауыл басталғанда көбісі бір шақырым жердегі атыс алаңында жүрді. Шатырды әскери қызметшілердің өздері командирлердің басшылығымен құрастырды. Ол ресейлік өнім. Бөлімге жіберер алдында барлық шатырды комиссия тексеріп отырады.
Айта кету керек, қатардағы жауынгер Алмас Шахимовтың денесі әскери бортпен Алматыдан Көкшетауға дейін жеткізіледі. Заң бойынша ата-анасына 500 АЕК (1 531 500 теңге) және 80 АЕК (245 040 теңге) материалдық көмек көрсетіледі.