Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 7,7 млрд теңге жұмсалды

2020 жылдан бері өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 7,7 млрд теңге қаржы жұмсалды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

25.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Оның ішінде 1,1 млрд теңге тұрақтандыру қорларын азық-түлікпен толтыруға жұмсалса, 6,6 млрд теңге өндіріс саласындағы кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен және субсидиямен қамтуға бағытталды.

Алайда қолға алынған іс-шараларға қарамастан аймақтың қымбатшылық құрығына іліккені анық.

«Азық-түлік дүкендеріндегі баға барған сайын көтеріліп жатыр. Мысалы, шілде айында кәдімгі нанның бағасы 140 теңге болған, тамыз айының басында 145 теңгеге өсті, ал екі аптадан кейін тағы 5 теңге қосылып, 150 теңгеге дейін қымбаттады», – дейді Іле ауданының тұрғыны Гүлжиян Нұрғалиева.

Бұдан басқа шай, май, сұйық май, макарон өнімдері, жұмыртқа, тауық еті, сиыр, қой еті сияқты күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасына құн қосылып жатыр.

«Біздің ауылымыз Алматыдан қашық емес, тасымалдауға көп шығын кетпес, бірақ тауар құны тоқтаусыз өсіп барады. Қаладағы жағдай да оңып тұрған жоқ. Бүгін барсам, базардағы сиыр етінің бағасы 3 мың теңгеге жетіпті», – дейді тұрғын.

Ал жауапты мамандар бағаның өсуіне негізінен азық-түлік тауарларының сырттан тасымалданатыны ықпал етіп отыр деген пікір айтты.

Тегтер: тұрақтандыру

Соңғы жаңалықтар

Истребитель Су-30СМ потерпел крушение под Карагандой

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области обсудили стратегию цифровой трансформации и внедрение ИИ

Николай Иващенко
25.02.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев встретился с сотрудниками индустриально-логистического центра «ДАМУ»

Николай Иващенко
25.02.2026

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz