Аталған комиссия отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық және қыс мезгіліндегі жол қауіпсіздігі мәселесі талқыланды.
«Өрттің алдын алу бойынша жасалатын іс-шаралардың жоспарына сәйкес, 15 тамыздан бастап әлеуметтік осал топ мүшелерінің үйін комиссия аралайды. Себебі, осындай азаматтардың үйінде төтенше жағдай орын алса, қоғамда билік өкілдеріне сенімді төмендететін, негативті резонанс туып жатады», — дейді А. Рау өз сөзінде.
Отырыс соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары жиында көтерілген мәселелердің өзекті екенін айтып, жауапты мамандарға бірқатар тапсырма берді.
Айта кетейік, ақпараттың аздығына, яғни жауапты сала мамандарының төрт көзі түгел болмауына байланысты комиссия отырысы қыркүйек айында да өтеді.