Олар қызыл кітапқа енге киік мүйізін сатуға күдікті деп танылып отыр. Бұл оқиға 28 шілдеде сағат 14:00 шамасында болды.
«Жедел жұмыстар барысында ұсталғандардан 500 кг ақбөкен мүйізі тәркіленді. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілер оны Қытайға 55 млн теңгеге сатпақ болған», — деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қамауға алынды. Оқиға қатысты тергеу басталды.