Ал Қонаев қаласының 706 тұрғынын жұмыспен қамту үшін 141,4 млн теңге бөлінді. Бұл жөнінде өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
Жыл басынан бері қалада 684 жұмыс орны ашылған, оның 376-ы тұрақты. Ал кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жастар практикасына 16 адам, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға 275 адам жіберілді.
Сонымен қоса, биыл аймақта 125 мың адам 11,7 млрд. теңге көлемінде әлеуметтік көмек алады. Ал Қонаевтың 3,5 мың тұрғынына 310 млн. теңге бөлінген. Жыл басынан бері қаланың 632 азаматы 42 млн. теңгеге жуық атаулы көмекті алып үлгерген.