Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы: Ұйғыр ауданындағы мектепте 32 мұғалім 50 баланы оқытқан

Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауылдардың бірінде 32 педагог 50 баланы оқытып келген, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

28.08.2022
Жаңалықтар

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша,  жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында облыс әкімі Сүмбе ауылының орта мектебіне барды. Білім беру мекемесінің ғимараты 1976 жылы салынған, заманауи жөндеуден өткен. Алайда, бүгінгі таңда 750 оқушыға есептелген білім мекемесінде бар-жоғы 348 оқушы оқиды.

Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева атап өткендей, мектепте балаларды оқыту және жан-жақты дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда жабдықталған стоматология кабинеті бар, сонымен қатар негізгі спорт залынан басқа көптеген тренажерлері бар фитнес-орталық, бокс залы жабдықталған. Осыған орай, облыстың бас педагогы аталған ауылдық округтегі басқа мектептердің жағдайын атап өтті.

«Бірлік Сүмбе мектебінде 125 бала оқиды. Жаңасай негізгі мектебінде 50 оқушыны 32 адамнан тұратын ұжым оқытады. Екі мектеп те жөндеуді қажет етеді, екіншісі 1956 жылы салынған», — деп атап өтті Салтанат Беспаева.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев балаларды екі мекемеден Сүмбе мектебіне ауыстыруды және оларды тасымалдап оқуын қамтамасыз етуді тапсырды. Босаған үй-жайларды қосымша білім беру мектебі ретінде пайдалану ұсынылды. Сонымен қатар, облыс әкімі жабылып жатқан мектеп педагогтарын жұмыссыз қалдырмай, ауданның басқа білім беру мекемелеріне орналастыруды тапсырды

Тегтер: Ұйғыр ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz