Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: қазақ және украин халқының ағартушыларына арналған форум өтті

Қонаев қаласында қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлы және украин халқының ағартушысы Христина Алчевскаяға арналған облыстық форум өтті.

17.11.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Аталған басқосу ТМД-ның халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылы аясында облыстық Қоғамдық келісім мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – этносаралық татулықты насихаттау.

Шаһардағы көпсалалы колледж қабырғасында ұйымдастырылған бұл форумға түрлі этнос өкілдерінен құралған ұйымдардың мүшелері, студенттер, колледж ұстаздары қатысты.

Форумда ұлы ағартушылар жайлы эссе жазған студенттер марапатталды. Сонымен қатар әдебиетшілердің өмірінен сыр шертетін жәдігерлер мен жарық көрген кітаптарынан көрме қойылды.

Фото: Руслан Кадыров

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының биыл сәуірде өткен ХХХІ сессиясында бейбітшілік пен тұтастық – басты құндылығымыз екенін атап өтті. Бүгінгі ұйымдастырылған шара соның бір айғағы», — деді облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Марат Илипов.

Фото: Руслан Кадыров

Ал көпсалалы колледждің директоры Әбуғалиева Айсәуленің айтуынша, бұл форум екі ұлттың ұлы ұстазы атанған тұлғалардың 150 жылдығына орай ұйымдастырылды.

«Олар өз заманында халықтың сауатты, білімді болуы жолында көп еңбек етті. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліпбиін құрастырғанын бәріміз білеміз. Ал Христина Алчевская Украинада алғаш әйелдер мектебін, қарапайым шаруалардың отбасынан шыққан балалар үшін оқу ошақтарын ашқан тұлға», — деді колледж директоры.

Фото: Руслан Кадыров
Тегтер: форум

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов проверил готовность системы раннего обнаружения лесных пожаров и оснащенность «Семей орманы»

Николай Иващенко
09.04.2026

В окрестности Конаева пожарные тушат возгорание камыша

Николай Иващенко
09.04.2026

В Казахстане могут принять закон об амнистии до конца июня

Николай Иващенко
09.04.2026

После землетрясения были проверены все русла рек и гидротехнические сооружения Алматинской области

Николай Иващенко
09.04.2026

В Алматинской области стартовал конкурс «Тайқазан – 2026»

Николай Иващенко
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz