Бұған дейін ол Жамбыл облысының табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының орынбасары лауазымында болды.
Білімі — жоғары. Ол ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған және Америкадағы Дюк университетінде мемлекеттік саясат және менеджмент мамандығын меңгерген. Еліміздің «Заңгерлер қауымдастығының» мүшесі.
Еңбек жолын 2000 жылы «Ақнұр» ЖШС директорының орынбасары болып бастады.
2021-2022 жылдары Алматы облысы Талғар ауданы əкімінің орынбасары қызметін атқарған.