Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы: балық шаруашылығы су тапшылығынан зардап шегіп отыр

Тамыз айында кәсіпкер Азалхан Әлиев балық шаруашылығы су тапшылығынан зардап көріп отырғанын айтып, «Атамекен» ҰКП-на шағым түсірген. Аталған мәселе бойынша Қонаев қаласында жиын өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

16.09.2022
Жаңалықтар

«Қапшағай уылдырық шашу-селекциялық шаруашылығы – 1973» ЖШС басшысының айтуынша, кәсіпорын Еңбекшіқазақ ауданы Шалқар ауылында орналасқан. Бүгінгі таңда фермада амур, күміс тұқы (толстолобик), тұқы (карп) сияқты балықтар өсіріледі.

«Бірінші кезекте, Кәсіпкерлер палатасы су жетіспеушілігі мәселесіне көңіл аударса деймін. Екінші мәселе — айналма арналардың бітелуі болып тұр. Салдарынан су жылдамдығы бәсеңдеді. Тазартуды қажет ететін каналдың ұзындығы – 10 километр», — дейді кәсіпорын басшысы Азалхан Әлиев.

Азалхан Әлиевтің мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта инкубациялық цехтың қуаттылығы 50 000 уылдырық және 10 000 шабақ өсіруге жеткілікті. Тазалау жұмыстары жүргізілгеннен кейін инкубациялық цехтың қуаты 3 есе артады.

«Санитарлық мәселені шешу үшін «Драглайн» арнайы техникасы қажет. Қазіргі уақытта техниканы сатып алу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Енді мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы тиісті іс-шаралар жүргізіледі», — дейді ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Медет Керімқожанов.

Оның мәліметіне сүйенсек, аталған түйіткілдердің түйіні жақын арада тарқатылады. Айта кетейік, кәсіпкердің мәселесін талқыға салған басқосуға «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының облыстағы өкілі Қуандық Чункунов пен облыс әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев қатысты.

Тегтер: шаруашылығы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz