Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, олар аппарат кеңесінде таныстырылды.
Алматы облысы әкімінің өкімімен Ахметова Айгүл Маманқызы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ал облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасын Қуаныш Бақытұлы басқарады.
Ваисов Асыл Нұралыұлы болса, облыстық Мемлекеттік сатып алу басқармасын басшысы болып тағайындалды.
Сонымен қатар аппарат басшысының бұйрығымен Ахилбеков Самат Мұхатұлы Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.