Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Бүгін Алматы облысында бірқатар кадрлық тағайындау болды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпараттық агенттігі.

11.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Әлия Әлімжанқызы Жақыпбекова — Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы.

Қанат Ақылұлы Нүсіпбаев — Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

Ахметов Данияр Дүйсенбіұлы — Облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

                        Әлия Әлімжанқызы Жақыпбекова

Әлия Әлімжанқызы Жақыпбекова 1974 жылы туған, білімі жоғары. 2009 жылы Орталық Азия университетінде «Педагогика және психология» мамандығын, 2013 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы Қапшағай қаласындағы №54179 әскери бөлімінің қойма меңгерушісі болып бастаған. Сонымен қатар, Талдықорған қаласындағы №2 орта мектебінде психолог, «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының кеңесшісі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары болды. «Мәдениет үздігі» төсбелгісінің иегері.

                                Қанат Ақылұлы Нүсіпбаев

 

Қанат Ақылұлы Нүсіпбаев 1968 жылы туған, білімі жоғары. 1992 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылығы институтында агроном мамандығын, 2012 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін агроэколог мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 1992 жылы Кербұлақ ауданы мемлекеттік сұрыптау учаскесінің басшысы болып бастады. Сонымен қатар, «Қарашоқы» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінде агроном-тұқым өсіруші, Алматы облысы әкімі аппаратының маманы, Алматы облысы орман және биоресурстарды басқару бөлімінің жетекші маманы, Алматы облысы бойынша табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы, 2013 жылдың шілде айынан бастап Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметінде.

                             Ахметов Данияр Дүйсенбіұлы

Ахметов Данияр Дүйсенбіұлы 1984 жылы туған, білімі жоғары. 2006 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясында заңгер мамандығын бітірді, 2009 жылы Д.А.Қонаев атындағы университеттің қаржы мамандығы, 2015 жылы Ұлыбританиядағы Шеффилд университеті және «Болашақ» бағдарламасының «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша түлегі. Еңбек жолын 2005 жылы Республика бюджетінің атқарылуын бақылау жөніндегі комитеттің инспекторы болып бастады. Соңғы лауазымы Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz