Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурудың тіркелуі 1,8 есе артқан. Ағымдағы жылдың 6 айында жедел ішек инфекциясының 360 жағдайы анықталған, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында — 256 жағдай, бұл жалпы ауырғандардың 71,1%-ын құрайды.
Үйде дайындалған тағамдар, жуылмаған жемістер мен көкөністер, сүт және тез бұзылатын өнімдерді пайдалану оқиғалары инфекцияның тез таралуына жиі себеп болған. Пайыздық көрсеткішпен айтқанда, үйде дайындалған өнімдердің үлесіне — 96,1%, жуылмаған көкөністер мен жемістерге —1,3%, сүт өнімдеріне — 0,3%, түрлі консервілерге — 2,3% келіп отыр.
Ішек инфекцияларының қоздырғыштары топырақта, суда, сондай-ақ ыдыс-аяқ, есік тұтқалары, ойыншықтар сияқты әртүрлі қолданыстағы заттарда ұзақ сақталады. Одан бөлек, микробтар белгілі бір температуралық жағдайында суда, сүт және сүт өнімдерінде, тартылған ет, кондитерлік өнімдер, салаттар және басқа да тез бұзылатын азық-түліктерде жылдам көбейеді.
Бұл инфекцияның алдын алу үшін қарапайым ережелерді есте сақтау қажет:
- тамақтанар алдында және дәретханадан кейін қолыңызды міндетті түрде сабынмен жуыңыз!
- қайнатылған және бөтелкедегі суды ішіңіз!
- көкөністер мен жемістерді қолданар алдында жақсылап жуыңыз!
- ашық су қоймаларындағы, арықтағы суды ішуге, тамақ дайындауға және ыдыс жууға пайдаланбаңыз!
- арнайы бөлінген орындарда шомылыңыз!
- дайындалған тағамды ашық қалдырмаңыз!
- тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта сақтаңыз!
- үй қоқыстарын уақтылы тастаңыз!
- азық-түлікті сақтау мерзімі мен шараларын сақтаңыз!
- жабайы сауда нүктелерінен және көшеде тамақ сатып алмаңыз!