Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облыстық көлік инспекциясы 36 заңды тұлғаның мөртаңбасын заңсыз пайдаланған

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірдегі көліктік бақылау инспекциясы бас маманының жұмыс кабинетінен түрлі заңды тұлғалардың 36 мөртаңбасын тапты. Мөр иелері – халықаралық жүк тасымалдаушылар, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

16.06.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Мамандар анықтағандай, аталған 36 заңды тұлға жыл сайын көп мөлшерде жүк тасымалдауды жүзеге асыруға арналған шетелдік рұқсат бланкілерін алып отырған.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиевтің айтуынша, мемлекеттік мекемеде заңды тұлғалардың көп мөлшерде мөртаңбалары болуы тасымалдаушылар мен қызметкерлердің арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді. Бұл – жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бірі.

«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, мөрлер инспекцияда 3 жылдан астам уақыт болған. Бұл ретте инспекцияның өзінде осы мөртаңбалардың қандай жағдайда және қай уақыттан бері сақталғаны туралы нақты түсінік бере алмады», — делінген департамент мәлімдемесінде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода атап өткендей, мемлекеттік органда өзге заңды тұлғалардың мөрлерін сақтау, пайдалану – заңсыз әрекет.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мамандары көлік инспекциясынан  сыбайлас жемқорлыққа жол беретін 27 жайтты анықтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Саденов рассказал, как проходит расследование смертельного ДТП в Алматы

Николай Иващенко
04.04.2026

Движение транспорта на поврежденном участке трассы «Кеген-Нарынкол» восстановлено

Николай Иващенко
04.04.2026

К 180-летию высажено 180 саженцев в Алматинской области

Николай Иващенко
04.04.2026

В Жамбылском районе началась весенняя посевная кампания

Николай Иващенко
04.04.2026

Часть дороги «Кеген-Нарынкол» обрушилась Алматинской области

Николай Иващенко
03.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz