Қаскүнем түнде алтын сататын қатарға кіріп, сегіз сауда нүктесінің сөрелерін сындырып, өзімен бірге жалпы сомасы 100 миллион теңгеге бағаланған әшекейлер алып кеткен.
Аталған қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Бейнебақылау камералары арқылы күдікті бірден анықталды.
«Ол Қонаев қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұсталды. Өзін ізінше тауып алмасы үшін сонда уақыт өткізуді жоспарлаған», — деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.
Сондай-ақ, қаскүнемнің ұрланған заттарды қала маңындағы шөл далада жасырғаны анықталды. Заттай айғақтар алынды.
35 жастағы күдікті уақытша қамау изоляторына жабылды.