Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Парижде алғаш рет айтыс өтті

17 мамыр күні Франция астанасы Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Қазақстан мен Қырғызстанның ақындары арасында тұңғыш халықаралық айтыс өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2025
Әлем
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Бұл шара – екі бауырлас халықтың ортақ мәдени мұрасы саналатын айтыс өнерін әлемдік деңгейде танытуға бағытталған маңызды бастама.

Айтыстың басты мақсаты – қазақ пен қырғыз халықтарына ортақ ауыз әдебиетінің асыл мұрасы – айтыс өнерін халықаралық аудиторияға кеңінен таныстыру. Айта кету керек, айтыс 2015 жылы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген болатын. Биыл сол тарихи шешімге 10 жыл толып отыр.

Поэзиялық дода бес раундтан тұрды. Онда Қазақстан мен Қырғызстанның таңдаулы ақындары домбыра мен қомуздың сүйемелдеуімен суырыпсалма өнерлерін паш етті. Айтыс екі елдің мемлекеттік тілдерінде – қазақ және қырғыз тілдерінде өтті.

Айтысты бағалауға қос елдің парламент депутаттары, мәдениет қайраткерлері мен халық ақындары қатысты. Қазылар алқасының құрамында танымал жыршылар мен айтыс сахнасының саңлақтары болды.

Халықаралық деңгейде өткен бұл шара келесі ұйымдардың қолдауымен жүзеге асты:

  • «Айтыш Франс» қоғамдық қоры

  • «Amanat» партиясы

  • Халықаралық айтыс және жыршы-термешілер одағы

  • Қазақстан мен Қырғызстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілдіктері

Париж төрінде өткен бұл айтыс – қазақ пен қырғыз халықтарының рухани-мәдени болмысын Еуропа жұртшылығына танытқан, шетелде өткен алғашқы мәдени оқиға ретінде тарихқа енді. Мұндай шаралар бауырлас елдер арасындағы мәдени байланысты тереңдетіп, ұлттық өнерді жаһандық деңгейде насихаттауға жол ашады.

Тегтер: Әлем жаңалықтарықазақстан

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz