Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Мәскеудегі терактке қатысты тың дерек шықты

Мәскеудегі ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде болған терактқа қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2024
Әлем, Жаңалықтар

Ресейлік Mash Telegram-арнасы мәліметінше, күдіктілердің сыбайластары болуы мүмкін адамдар ұсталған. Олар террористерге көмек, байланыс, логистика жұмыстарын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

«Олар — Аминчон, Диловар және Исроил Исломовтар (әкесі мен екі ағайынды)», — деп жазылған арна мәліметінде.

Кейінірек осы үш күдікті Басман сотына жеткізілді.

«Диловар Исломов 1 ай 29 күнге қамауға алынды. Ол 22 мамырға дейін тергеу изоляторында болады», — деп жазды арна.

Деректерге сүйенсек, бұған дейін ұсталған террористердің бірі Шамсидин Фаридуни 2024 жылы наурыздың басында Аминчон мен Диловар Исломовтарды шабуыл ұйымдастыруға тартқан.

«Олар көлік пен логистикаға жауапты болды. Диловар арқылы шабуылдаушылар ақ түсті Renault Symbol сатып алды. Олар шабуылдан кейін Брянск облысында қуғын-сүргіннен жасырынуға тырысты», — деп жазылған деректе.

Ал тағы бір күдікті 64 жастағы Исроил Исломов 22 мамырға дейін қамауға алынды. Үшінші күдікті, 33 жастағы Аминчон Исломов та 22 мамырға дейін тергеу изоляторында болады. Ол жүргізуші болып жұмыс істегені және ағасымен бірге Ресей азаматтығын алғаны белгілі.

Ұсталғандардың ешқайсы кінәні мойындамаған.

Тегтер: Ресейтеракт

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz