Иран президенті Пезешкиан елдің Қорғаныс министрлігіне барып, қорғаныс және ғарыштық жаңалықтармен танысу барысында 1700 км қашықтыққа ұшатын "Этемад" баллистикалық зымыраны көрсетілді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Ақпарат көздеріне сәйкес, ұзындығы 16 м, диаметрі 1,25 м болатын бұл зымыран қорғаныс ведомствосының ең жаңа баллистикалық қаруы ретінде таныстырылды. Сонымен қатар, ол соққы жасалғанға дейін басқарылатын оқтұмсыққа ие.