CNN хабарына қарағанда, бұл өзгерістер 1959 жылы қабылданған заңға қатысты (ол «отбасылық мәселелерде әйелдердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз еткен»). Жаңа түзетулер ислам соттарының неке, ажырасу және мұрагерлік мәселелеріндегі құзыретін күшейтеді.
Бастама консервативті шииттік депутаттардан шыққан, олар бұл өзгерістер заңнаманы ислам қағидаттарына сәйкестендіріп, батыс мәдениетінің ықпалын азайтады деп санайды.
Иракта некеге тұрудың ең төменгі жасы — 18 жас. Алайда жаңа өзгерістер дінбасыларға исламдық құқықты өз түсінігі бойынша некеге қатысты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Кейбір діни лидерлер қыздарды жасөспірімдік шақтан немесе тіпті 9 жасынан бастап некеге беруге болады деп санайды. Адам құқықтарын қорғау ұйымдары жеке мәртебе туралы заңға енгізілген түзетулерге қарсы шықты. Олар қыздардың балалық шақтан айырылатынын, ал әйелдердің ажырасу, қамқоршылық және мұрагерлік мәселелерінде қорғану тетіктерінен айырылатынын мәлімдеді.





