Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Илон Маск «Уикипедияға» бәсекелес Grokipedia платформасын іске қосты

Америкалық кәсіпкер Илон Маск жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жаңа энциклопедия — Grokipedia платформасын таныстырды. 

Мөлдір Иманмади
28.10.2025
Әлем
Коллаж: Avishek Das

Коллаж: Avishek Das

Америкалық кәсіпкер Илон Маск жаңа жобасын — Grokipedia деп аталатын онлайн энциклопедияны таныстырды. Бұл платформа — әлемге әйгілі «Уикипедияның» баламасы ретінде ұсынылып отыр.

Масктың айтуынша, Grokipedia.com сайтында қазіргі таңда шамамен 900 мыңға жуық мақала бар. Дәл қазір ресурс 0.1 нұсқасында жұмыс істеп тұр. Алайда алғашқы пайдаланушылар кейбір техникалық ақауларға шағымданған.

Сайттың басты бетінде кітапхана құрамында 885 279 мақала бар екені көрсетілген. Салыстыру үшін, «Уикипедияда» бұл көрсеткіш 8 миллионнан астам.

Илон Маск әлеуметтік желі X-те жариялаған жазбасында Grokipedia-ның 1.0 нұсқасы қазіргі нұсқадан он есе жақсы болады, ал қазіргі күйінде-ақ «Уикипедиядан артық» деп бағалаған.

Бұған жауап ретінде «Уикипедияның» негізін қалаушылардың бірі Джимми Уэйлс Washington Post басылымына берген сұхбатында, жаңа жобадан үлкен үміт күтпейтінін айтты. Оның пікірінше, мәтінді өңдеуге арналған жасанды интеллект үлгілері әлі жетілмеген, сондықтан «қателер көп болуы мүмкін».

Айта кетейік, Масктың xAI компаниясы әзірлеген Grok чат-боты бұған дейін де бірнеше дәлсіздігі мен қателіктері үшін сынға ұшыраған болатын. Дегенмен, кәсіпкер мен X компаниясы аталған кемшіліктерді түзетуге уәде берген.

Өткен айда Илон Маск әлеуметтік желідегі жазбасында xAI командасы Grokipedia платформасын құру үстінде екенін хабарлаған еді.

Тегтер: GrokipediaгрокипедияИлон Маскуикипедия

Соңғы жаңалықтар

Токаев: «В преамбуле Основного закона впервые сформулирован четкий ориентир на ценности культуры, образования, науки и инноваций»

Николай Иващенко
10.04.2026

Выборы в Курултай пройдут в августе

Николай Иващенко
10.04.2026

КТЖ высадит более 100 тысяч деревьев в Алматинской области

Николай Иващенко
10.04.2026

Толпа избила одного человека в Алматинской области

Николай Иващенко
10.04.2026

В Алматинской области спасатели МЧС спасли беременную женщину и мужчину

Николай Иващенко
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz