Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Грузияда оппозициялық партиялардың кеңселерінде тінту жүргізілді: саяси дағдарыс шиеленісуде

Қорлан Нұрланқызы
05.12.2024
Әлем

Грузияда оппозициялық партиялардың кеңселерінде жаппай тінту мен тұтқындау жүріп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Грузия ІІМ қызметкерлері «Ахали», «Біртұтас ұлттық қозғалыс» және «Жаңа саяси орталық» оппозициялық партияларының кеңселерінде тінту жүргізді. Тінтуге жаппай зорлық-зомбылықты ұйымдастыру, оған қатысу немесе зорлық-зомбылыққа шақыру баптары бойынша қозғалған қылмыстық іс себеп болды.

Publika басылымының мәліметінше, күштік құрылымдар мен оппозиция өкілдері арасында сөзге келіспеушіліктер орын алған. Тінтуден кейін «Өзгерістер коалициясы» жетекшісі Ника Гварамия және «Коалицияның» басқа мүшелері Гела Хасая, Вепхо Касарадзе мен Васо Кадзелашвили тұтқындалды. Сонымен қатар, студенттік жастар қозғалысының «Дафион» лидері Звиад Чекладзе де ұсталды. Барлығы жеті адам қамауға алынғаны хабарланды.

Оппозиция мүшелерінің тұтқындалуына байланысты Грузия президенті Саломе Зурабишвили мәлімдеме жасап, елдің басқарушы партиясына қысым көрсетуге шақырды:

«Менің серіктестерімізге және дағдарыс пен тұрақсыздықтың күшеюіне жол бергісі келмейтіндерге үндеуім: елді апатқа апарып жатқан басқарушы партияға мықты қысым жасау уақыты келді! Кешігіп қалмайық…» — деп жазды ол өз әлеуметтік желісінде.

Тегтер: Әлем жаңалықтарыГрузия

Соңғы жаңалықтар

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Михаила Шайдорова встретили в Астане

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области открыли класс юных полицейских

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области прошел масштабный концерт в поддержку новой Конституции

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz