Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Египеттегі әуежайда жарнама тақтасы құлап, қазақстандық азаматша қаза тапты

17 мамыр күні Мысырдағы Шарм-эль-Шейх халықаралық әуежайында қайғылы оқиға орын алды: ұшу аймағында жарнама тақтасының құлауы салдарынан бір қазақстандық әйел көз жұмып, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2025
Әлем
Фото: tourister.ru

Фото: tourister.ru

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі төтенше жағдай DV5270 рейсіне отырғызу кезінде болғанын мәлімдеді. Жолаушылар терминалда күтіп тұрған сәтте, жарнама қалқаны олардың үстіне құлаған. Нәтижесінде бір әйел оқиға орнында қаза тауып, екі қазақстандық азаматша түрлі деңгейдегі жеңіл жарақат алған.

ҚР Сыртқы істер министрлігі оқиғаға байланысты ресми түсініктеме берді:

«17 мамырда Шарм-эль-Шейх халықаралық әуежайының ұшу аймағында жолаушылардың үстіне жарнама қалқаны құлады. Қайғылы оқиға салдарынан бір қазақстандық азаматша қаза тауып, тағы екі отандасымыз жарақат алды», – делінген министрлік хабарламасында.

СІМ өкілдері марқұмның туыстарымен байланыс орнатқанын және тиісті консулдық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады. Жарақат алған азаматшаларға жергілікті медицина мамандары алғашқы көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты.

Египет билігі Қазақстан тарапына ресми түрде көңіл айтып, жағдайдың егжей-тегжейін анықтау үшін арнайы комиссия құрған. Елдің азаматтық авиация министрі бұл істі жеке бақылауына алған.

«Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр», – деп толықтырды ҚР СІМ.

Қазақстанның Египеттегі елшілігі бұл жағдайды ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді.

Тегтер: Әлем жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz