Жергілікті Iran International басылымы Иранның Сарапшылар ассамблеясы Моджтаба Хаменейді елдің келесі жоғарғы көшбасшысы етіп сайлағанын жазды. Басылым мәліметінше, мұндай шешімге Ислам революциясы сақшылары корпусы тарапынан қысым жасалған болуы мүмкін.
Сонымен қатар, бірқатар халықаралық БАҚ 56 жастағы Моджтаба Хаменей әзірге жоғарғы көшбасшы лауазымына негізгі үміткер ретінде қарастырылып жатқанын хабарлады. Кей деректерге сүйенсек, Иран билігі бұл туралы ресми мәлімдемені 4 наурыз күні таңертең жариялауы мүмкін.
Еске салайық, аятолла Али Хаменей Иранды 1989 жылдан бері басқарған. Мәліметтерге сәйкес, ол Израиль мен АҚШ жасаған шабуыл кезінде қаза тапқан. Ауыр жарақат алған оның жұбайы Мансуре Ходжасте де көз жұмған.





