Бұл робот кәдімгі адамның қаңқа-мускул құрылымын қайталайтын алғашқы екіаяқты андроид. Ол үй жинау, кір жуу, тамақ дайындау сияқты күнделікті шаруаларды атқаруға арналған.
100 жасанды бұлшықет, 500 сенсор және 200 қозғалу деңгейі!
Protoclone-ның басынан аяғына дейін қозғалатын бөліктері бар – қолдары, аяғы, басы, жамбасы толықтай икемді. Роботтың 100 жасанды бұлшықеті мен 500 түрлі сенсоры бар, бұл оған адам қимылын дәл қайталауға мүмкіндік береді.
Өзінің «жүйке жүйесі» бар!
Робот болашақта көру, жанасу және тепе-теңдік сақтау қабілеттеріне ие болады. Оның басына орнатылатын төрт камера көру мүмкіндігін қамтамасыз етсе, 320 қысым сенсоры бұлшықеттерінің күшін реттеуге көмектеседі. Ал 70 инерциялық датчик әрбір буынның орнын бақылайды. Ең қызығы – Protoclone адамды бақылай отырып, жаңа дағдыларды үйрене алады!
Clone Robotics алдағы уақытта роботтың қимылын табиғи әрі күшті ететін гидравликалық жүйе орнатпақ. 500 ватттық сорғы роботың тыныш жұмыс істеуіне және қимылдарының икемді болуына көмектеседі.
Protoclone адам пайдаланатын құрал-саймандарды меңгере алады. Сондықтан мұндай гуманоид роботтар б





