Сенат депутаттары 2025-2027 жылдарға арналған Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт туралы заңды мақұлдап, құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Заңның негізгі мақсаты:
- Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт мөлшерін белгілеу:
- 2025 жылға – 2 трлн теңге;
- 2026 жылға – 2 трлн теңге;
- 2027 жылға – 2 трлн теңге.
- Мұнайдың 2025-2027 жылдарға арналған кесімді бағасын бекіту:
- 2025 жылы – барреліне 42,3 АҚШ доллары;
- 2026 жылы – барреліне 41,0 АҚШ доллары;
- 2027 жылы – барреліне 39,4 АҚШ доллары.
Заңның маңызы
Кепілдендірілген трансферт республикалық бюджет шығыстарын, оның ішінде мемлекеттік міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл заң бюджет теңгерімділігін сақтауға және Ұлттық қордың тұрақтандыру функциясын іске асыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, заң жобасы алғаш рет 4 қыркүйекте Мәжілісте таныстырылған болатын. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында республикалық бюджеттің кірістерін арттыру қажеттігін ерекше атап өткен еді.