«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның үш ірі қаласында қар жаууы мүмкін. Атап айтқанда, Астанада 8-10 қараша аралығында қарлы боран соғып, ауа райы суытады. Алматы мен Шымкентте де қар жаууы ықтимал, бірақ мұнда күндізгі температура 10 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды alataunews.kz.
Астанада ауа райы
- 8 қараша: көшпелі бұлт, түнде және күндіз қар жауады, боран күтіледі. Жел екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз -4…-6°C.
- 9 қараша: кей уақыттарда қар, боран күтіледі. Оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде -6…-8°C, күндіз -2…-4°C.
- 10 қараша: кей уақытта қар жауып, боран соғады. Жел екпіні 23 м/с дейін. Түнде -1…-3°C, күндіз шамамен 0°C.
Алматыда ауа райы
- 8 қараша: бұлтты, түнде жаңбыр мен қар аралас жауын, күндіз жаңбыр жауады. Түнде -2…0°C, күндіз +5…+7°C.
- 9 қараша: бұлтты, түнде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Түнде 0…-2°C, күндіз +6…+8°C.
- 10 қараша: бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 3-8 м/с. Түнде 0…-2°C, күндіз +8…+10°C.
Шымкентте ауа райы
- 8 қараша: бұлтты, жаңбыр және қар жаууы мүмкін, түнде тұман. Таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз +5…+7°C.
- 9 қараша: жауын-шашынсыз, бұлтты. Жел 13 м/с дейін күшейеді. Түнде 0…-2°C, күндіз +8…+10°C.
- 10 қараша: бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде 0…-2°C, күндіз +8…+10°C.